Екібастұз қаласында 22-29 наурыз күндері аралығында волейболдан 2005-2006 жылы туған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Атап айтсақ, Екібастұз, Шығыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, «Жетісу» Алматы облысы, Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан қалалары.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қыздар командасы иемденсе (жаттықтырушысы Нұржігіт Шектибаев), екінші орын Жетісу Алматы облысына бұйырды. Ал, жүлделі үшінші орынды Павлодар облысы иеленсе, төртінші орынды Шымкент командалары өзара бөлісті.
Қ.Дәулетов, Түркістан облысы дене шынықтыру және
спорт басқармасының №4 Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі
жөніндегі орынбасары.
