ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

756 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ересектер арасында бокстан ХХVIII халықаралық жарыстың шымылдығы түрілді.

Дүбірлі жарысқа 3 мемлекеттен Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан және еліміздің барлық өңірлерінен 211-ге жуық спортшылар қатысып, 13 салмақ дәрежесінде бақ сынауда.

Дәстүрлі жарыстың ашылу рәсімінде КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановтың жары Күлпәш Шәймерденова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтар сөз алып, деңгейі жоғары аталмыш турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі. Бес күнге жалғасатын жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 3 сәуір күні анықталады.

Арайлым Мейрамханқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы