«ШАРЫҚТА, ШАЛҚАР ШАБЫТЫМ!» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

1  065 көрілім

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап кітапханасында «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Бакиевтің ұйымдастыруымен «Шарықта, шалқар шабытым!» атты қайырымдылық концерті өтті.

«Қазіргі таңда осындай іс-шаралар мен қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық – адамгершілік қасиетінің ең ізгі бастауы. Жанашырлыққа жан риза дегендей, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр панасы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы»,- деді Е.Бакиев.

Кеште рухты көтеретін әндер айтылып, домбыра күмбірімен көңілді тебіренткен күй көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ, жан жадыратар өлеңдер оқыған көркемсөз шеберлері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы