ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ШАРА

775 көрілім

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде қаламыздың мешіт имамдары мен жамағаты арасында  ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Аталған жарыста қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту және үстел теннисінен 8 команда қатысып, бақ сынасты. 

Шараның ашылу салтанатында Түркістан облысының бас имамы Е.Қарақұлов, қала әкімінің кеңесшісі Қ.Сарманов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қалалық ішкі  саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев және «Түркістан» газетінің директор-редакторы М.Даулетов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Төрт спорт түрінен сайысқа түскен қатысушылардан үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.

Шара соңында қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы  ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттайтын жарысты дәстүрлі түрде өткізуді қолға алатынын жеткізді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы