Әріптесіміз Түркістан газеті редакторының орынбасары
Сарыбаева Ләззәт Қаныбекқызын байқауда жарияланған
мақалаларының кітап болып жариялануымен шын жүректен құттықтаймыз.

Былтыр Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен және журналистер мен блогерлер клубының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» байқауы өткен болатын.
Байқаудың басты мақсаты этносаралық бірлікті насихаттау яғни қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кейіпкерлердің өмірімен, жұмысымен толықтай танысып көпшілікке дәріптеп жеткізу.

Сонымен қатар, байқауға қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 мақала жазып, баспасөз беттерінде және әлеуметтік желіде жариялап өз белсенділіктерін көрсетті.
Байқауға қатысушылардың еңбектері тарихта сақталып қалсын деген мақсатта, облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен кітап болып жарияланды.

Кітаптың тұсау кескер рәсімі «Алатау» медиа ғимаратында өтті. Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім КММ-нің басшысы Эльмира Ұласбекқызы сонымен қатар «Шаңырақ» байқауында қазылық еткен Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Бекжігіт Сердәлі, Тельман Бейсен және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетер болсақ «Шаңырақ» байқауы биыл 2022 жылы да жалғасын таппақ.
Арайлым Мейрамханқызы.
