НАУРЫЗ КЕЛДІ

733 көрілім

Көктем келді, гүл байшешек көгеріп,

Жасарды жер, әсем нұрға бөленіп.

Наурыз тойы тамаша да, жаңаша,

Табиғатта тамылжып тұр жараса.

Наурыз келді сәнін құрып, жаңғырып,

Құлпырды жер мейірімді таң күліп.

Наурыз тойы-салтанат,

Наурыз тойы –махаббат,

Әр жүректен ән тарап, шаттанады шартарап.

Көктем келді алуан түрлі гүлменен,

Жер көгеріп, гүл байшешек бүрлеген.

Тылсым күштің табиғаты сезіліп,

Жарасып тұр құстар салған үнменен.

Еркеайым ДІЛДӘБЕК, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы