- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Алматы облысы, Талғар қаласында қол күресінен жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған құрыш білекті спортшылар арасындағы өте тартысты әрі қызықты өткен сайыста Түркістан облысының «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қарсылас шыдатпады. Өңірдің сайыпқырандары 29 алтын медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.