«УРАНҚУАТ» ЖШС-НА ҚАТЫСТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ

508 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп, «Уранқуат» ЖШС-нің 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын бұйрықпен бекітті.

Субъекті аталған бірлескен бұйрықпен келіспей, оны заңсыз деп тану бойынша сотқа әкімшілік талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауының нәтижесінде Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 наурыздағы шешімімен «Уранқуат» ЖШС-нің әкімшілік талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, бірлескен бұйрық өзгеріссіз қалдырылды.

Қазіргі уақытта, соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ және субъект осы шешімге шағым беруге құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы