Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде, оның сатып алу рәсімін Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізбегендігін анықтады.
Анықталған құқық бұзушылық бойынша Департамент 2 450 400 теңге мөлшерінде айыппұл салуымен Субъектіге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабы 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғады. Қазіргі таңда, айыппұл сомасы мемлекеттік бюджетке өндірілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
