- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Түркістан – Су» МКК-ның сарқынды суларды бұру және суды таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне жүргізілген талдау нәтижесінде әкімшілік істер қозғады.
Әкімшілік істер «Түркістан – Су» МКК-ның өтінішхаттары негізінде Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.
Сот талқылауының нәтижесінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 5-бөлігімен «Түркістан – Су» МКК-ы кінәлі деп танылып, оған жалпы 5 142 829,3 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта, соттың қаулылары заңды күшіне енген жоқ және субъекті осы қаулыларға шағым беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.