ӨНІМДЕРДІҢ ТАҢБАЛАНУЫНА НАЗАР АУДАРУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАНАМЫЗ

997 көрілім

      Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеліп соғатын іс-әрекеттердің алдын-алу мақсатында Кеден одағының техникалық регламенттері жасақталған. Бұл құжаттар арқылы өнімдерді дайындау (өндіру), оны сақтау, тасымалдау, өткізу, сату және пайдаға асыру процестері қадағаланады.  Яғни, Кеден одағы аумағында өнімдер техникалық регламент¬тердің талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана нарыққа шығарылады.

          Кез-келген тауарды пайдаланбас бұрын өнімнің қаптамасында (орамасында) жазылған ақпаратпен танысыңыз. Өнімдерді таңбалауға қатысты талаптар «Тағам өнімдері, оларды таңбалау бөлімінде» 022/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде қарастырылған. Ол Кеден одағы комиссиясының 09.12.2011 ж. №881 шешімімен бекітілген.

Өнім қаптамасындағы ақпараттардың дұрыс берілуіне жауапкершілік тікелей өнімді өндірушілерде, ал Сіз тұтынатын тамақ және азық-түлік емес тауарлардың техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келуін қадағалау  біздің мақсатымыз болып табылады. Өңіріміздің тұрғындары, қымбатты тұтынушылар, сатып алатын өнімдеріңіздің таңбалануына мұқият назар аударуларыңызды сұранамыз. Тағамды сатып аларда оның атауына, қаптама сыртында өнімнің дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, өнімнің құрамындағы заттар, сақтау шарттары, өнімді өндіруші туралы ақпараттар, қолданылуы бойынша нұсқамаларға ерекше мән беріңіздер. Бұл ақпараттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Сондай-ақ, ЕАС белгісіне ерекше мән беруді сұраймыз.

Бұл белгі «Еуразиялық сәйкестік» дегенді білдіреді және таңбаланған өнім Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген барлық сәйкестікті бағалау (растау) рәсімдерінен өткендігін және Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақтың осы өнімге таралатын барлық техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.

М. Бейбітқызы

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы