Қазақстан Республикасы Парламентінің кеңейтілген отырысында Президентіміз Қ-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын өте зейін қойып тыңдадым және Мемлекет басшысының еліміздегі қалыптасқан жағдайға шынайы баға бергендігін, кешегі қаңтар оқиғаларының орын алу себептері мен салдарларына тиянақты талдау жасай отырып, осы қасіретті оқиғалардың болуына өздерінің қызметтік міндеттері мен азаматтық борыштарын орындау барысында адам айтқысыз жауапсыздық пен Отанға деген сатқындық жасаған лауазымды мемлекеттік және күштік құрылымдардың бірқатар басшы қызметкерлері де болғандықтарын ашық айтқандығын, қазіргі кезде тергеу жұмыстарының құпиялы түрде жүргізіліп жатқандығы мен келешекте барлық кінәлі адамдар анықталып, тиісті жауапкершіліктерге тартылатындығын ерекше атап өткендігіне ризашылығымды білдіремін.
Мемлекет басшысы бүгінгі таңдағы еліміздің өмірі түбегейлі күрделі өзгерістерді талап етіп отырғандығын айта келе, бұл өзгерістер демократиялық жаңғыру мен мемлекет билігін оңтайландыру және оның ашықтығын арттыруға бағытталуы тиіс екендігін нақтылап көрсетті.
Осыған орай, Президенттің ұсынып отырған саяси реформалар, атап айтқанда: өзінен бастап орталық сайлау комиссиясы, Конституциялық кеңес және негізгі мемлекеттік билік органдары басшыларымен қатар әкімдер және оның орынбасарлары қандай да бір саяси партияның қатарында болмаулары, мемлекттік басқарудың күшті президенттік пен ықпалды парламенттік жүйеге өткізілуі, Парламенттегі Сенат пен Мәжілістің өзара байланысын нығайта отырып, олардың әрқайсысының құрамы мен өкілеттіктеріне заман талабына сәйкес өзгерістер енгізілуі, еліміздегі сайлау жүйесінің жетілдірілуі, яғни сайлау тәртібіне пропорционалдық дауыс беру жүйесімен қатар мажоритарлық дауыс беру жүйесін енгізу қажеттілігі, саяси партиялардың рөлдерін арттыру, ашық әрі тиімді сайлау тәртібін жүргізе отырып сайлау рәсімдері мен тәсілдерін жетілдірілуі, еліміздегі құқық қорғау институттарын реформалау мен Конституциялық соттың құрылуы, адам құқықтары жөніндегі уакіл туралы заңның қабылдануы, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігінің нығайтылуы мен ақпараттық жүйенің жетілдірілуі, журналистердің азаматтық жауапкершіліктерінің арттырылуы, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарының жетілдірілуі мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігінңің арттырылуы, Ұлттық қоғамдық кеңестің орнына Ұлттық қоғамдық Құрылтайдың құрылуы, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын қайта қарастыра отырып жаңа әкімшілік аумақтардың халыққа жағымды жаңа атаулармен құрылуы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерінің нығайтылуы мен олардың қаржылай дербестілігі, әлемдегі жағдайды ескере отырып еліміздің дағдарысқа қарсы жүргізетін күрестің бағыты жайлы айтқан сөздері мен тапсырмаларын өте орынды деп санаймын және толығымен қолдаймын.
Жаңа Қазақстанды құру үшін барлығымыз Президентіміз
Қ-Ж.Тоқаевтың бүгінгі Жолдаудағы ұсыныстарына қолдау білдіре отырып, алдымызға қойған мақсаттарды жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етуіміз қажет. Біздің күшіміз – бірлікте, Біз біргеміз!
БЕЙСЕМБАЕВ БАҚЫТЖАН, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы
