Түркістан облысында соңғы тәулікте КВИ-дің бірде-бір белгісі анықталмады. Түркістан облысында ПТР зерттеулер бойынша өткен тәулікте 622-ге жуық адам тексеріліп, жалпы 1 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясына тексеруден өткен. Пандемия басталғалы індеттің 18474 жағдайы тіркелді. Оның 9586-да симптом байқалмаған. Бірінші компонентпен 1 047 309 адам вакцина салдырып, екінші компонентін 1 045 637 тұрғын қабылдаған. Ревакцинацияны 477 190 адам алды.Сондай-ақ Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 208 191 адам, II компонентін – 168 445 адам қабылдаған.
ЖАРТЫ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН РЕВАКЦИНАЦИЯ ҚАБЫЛДАДЫ
565 көрілім
