Наурыз айының 14-15 жұлдызында қалалық «Хазіреті Әбубакр» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қолға алынған имамдар арасында «Білім мен біліктілікті арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда имамдардың діни білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында тәжуид, фиқһ және ҚМДБ-ның концептуалды құжаттарының пәндері бойынша дәрістер оқылып, уағыздар айтылды. Тағылымды әңгімелерге толы жиын қалалық және аудандық мешіт имамдарының басын қосқан дөңгелек үстелге ұласып, қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Шара соңында семинарға қатысқаны үшін 28 имамға арнайы сертификат табысталды.
Дәурен ТІЛЕУХАН.