«Көктем – 2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу бойынша Шардара ауданы әкімінің өкімі шықты және осы өкімге сәйкес Бөлімде штаб құрылды.
2021 жылғы 3-4 наурыз аралығында Шардара ауданының азаматтық қорғау қызметтері қатысты. Берілген шартты пәрмен бойынша Шардара ауданы Қызылқұм магистралды каналының табанының бұзылуы кезінде күштер мен құралдардың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті пысықталды. Шардара ауданының Қ.Тұрысбеков және Көксу ауылдық округ халқын Шардара қаласының әкімшілінде құрылған № 1 эвакуациялық қабылдау бекетіне эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Келіп түскен донесенияларға уақытылы жауап берілді. Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою комиссия отырысы өткізіліп, хаттама шығарылды.
