САУРАНДА САПАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

575 көрілім

Сауран ауданындағы Жүсіп ата кесенесінде сапар орталығының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жоба Ескі Иқан ауылдық округі кәсіпкерлерінің бастамасымен қолға алынған. Қазіргі таңда нысан құрылысымен қатар орталық маңын абаттандыру ісі де қарқынды даму үстінде. Ғимарат аумағында қонақтарға арналған демалыс орындары мен арнайы автотұрақ бар.

Сондай-ақ, кешеннің әкімшілік ғимараты, «Жүсіп ата» тарихы және «Өңір тарихы» музейі орналасады. Сапар орталығында кітаптар мен ауыл тарихын көрсететін мәліметтер, суреттер қоры жиналуда. Былтыр сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта Жүсіп ата кесенесін Түркістан өңірінің туристік маршрутына енетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы