ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР 4 ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

657 көрілім

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты Ақтау қаласында болып өтті. Бұл додаға Түркістан облысынан 20-дан астам балуан қатысты. Ерлер арасында 90 келі салмақ дәрежесінде Түркістан облысынан Айдар Арапов алтын медаль иеленді. Ал 100 келідегі балуан Рауан Назымханов күміс жүлдегері атанды. 81 келіде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Бексұлтан Ашен қола жүлдені жеңіп алды.

Ал қыздар арасында 78 келідегі балуан Назгүл Есімбек алтын медаль олжалады. Жекелей сында түркістандық балуандар ұлдар арасында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілесе, қыздар арасында 1 алтын жүлдеге қол жеткізді. Осы арқылы спортшыларымыз командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады. Дүбірлі сынға Түркістан облысының спортшыларын дзюдо күресінен аға жаттықтырушы Мейіржан Қалтаев бастап барды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы