Бүгін Ақжайық музыкалық мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, салтанатты жиын өтті.
Әсерлі де әдемі кеш қазақ халқының қыз балаға құрметін танытатын бейнероликтермен көркемделді. Қаламыздағы жас өнерпаздардың орындауында әсем әндер шырқалып, кештің құрметті қонақтары аналарға арналып өлең-жырлар оқылды.
Шара барысында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков аналарды айтулы мерекемен құттықтап, білім саласында жетістікке жетіп, бала тәрбиесіне, қаламызды дамытуға үлес қосып жүрген ұстаз аналарға алғыс хат табыстады.
Аталған жиын көпке үлгі бола білген аналарды ынталандырып, оларға мерекелік керемет көңіл-күй сыйлады.
Дәурен ТІЛЕУХАН.
