БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

710 көрілім

Ақпан айының 15 мен 19 жұлдызы аралығында Қызылорда облысының Шиелі ауданында 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық ашық біріншілік мәреге жетті. 200-ге жуық жас былғары қолғап шеберлері бақ сынаған аталмыш біріншілікте Түркістан қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үш бірдей шәкірті жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтсақ, аталмыш мектептің бокс бөлімінің жаттықтырушысы Марат Сәрсенбаев баптаған спортшылары Әлімбай Қыдырәлі (48 келі) мен Қожахмед Данияр (42 келі) І орынға ие болса, Құралбай Нұрқадыр (66 келі) ІІ орыннан көрінді.Өз кезегінде түркістандық жас боксшылар мен жаттық-тырушыларға жеңісті күндер көп болсын деп тілейміз.

Н.СЫЗДЫҚОВ, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы