МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

704 көрілім

Бүгін, Түркістан қалалық әкімдігің мәжіліс залында, шаhар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қоғам белсенділері мен аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Мереке қарсаңында Алтын-Күміс алқа иеленген аналар мен қыз-келіншектер, қоғам белсенділері ерекше құрметке бөленіп,  арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу барысында қала әкімі сөз алып, құрметті аналарды көктем мезгілімен тұспа тұс келетін әйелдер, аналар күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілектерін жеткізді.

Жиында Түркістан қаласы әкімі аппаратының бөлімінің қызметкерлері Бексұлу Жәнібекқызы, Мадина Жүсіпқызы, Ақерке Серікқызы, Айжан Абдиатова, Маржанкүл Худайбергенова, Ұлбазар Ратаева және Шапағат мүгедектер қайырымдылық қорының мүшесі Зульфия Токтыбаева Түркістан облысы әкімінің грамотасымен және арнайы әзірленген Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар Замира Сыпатай, Гүлайым Омарова, Несібелі Абдужабаровалар Алтын алқаға ие болса, Жадыра Нұрова, Муниса Нұриддинова, Гүлмира Базарханқызына Күміс алқамен гүл шоқтары, сыйлықтар табысталды.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы