БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

1  214 көрілім

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тұрғындарға үндеу жариялады. Нұрбек Нышанов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы түркістандықтарды алдағы мереке күндері карантин режимін сақтауға шақырды.
«Өздеріңізге белгілі пандемия басталғалы мерекелік іс-шаралардың өтуіне тыйым салынып, көпшілік жиналатын шектеулер қойылып келді. Мейрам күндерінен кейін, коронавирустық инфекцияға қатысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап кететіндігін тәжірибелер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда кейбір шектеу шараларына жеңілдетулер енгізіліп, біртіндеп бұрынғы қалыпты өмірімізге қайта оралудамыз десем, артық айтқаным емес. Түркістан облысы эпидемиологиялық бағалау матрицасында «жасыл» аймақта.

Десек те, сіздерді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ретінде карантин талаптарын сақтауға, бетперделік режим, әлеуметтік ара-қашықтық, үнемі антисептик тұтыну сынды жеке бас гигиеналық, санитариялық талаптарды сақтауға шақырамын. Наурыз айының басынан бастау алатын шуақты мереке күндерін, мүмкіндігінше отбасы шеңберінде қарсы алуды ұсынар едім. Ең бастысы денсаулықтарыңызды күтіп, ауырмаңыздар»,- деді ол жазбасында. Айтып өтейік, қазақстандықтарды алдағы айда екі ресми мереке күтіп тұр. Халықаралық әйелдері күні меркесі 6,7,8 наурыз күндері, «Наурыз» мейрамы 19,20,21,22,23 наурыз күндері атап өтілмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы