Бүгін, Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагері Өтепберген Жаңабайұлымен «Саялы бәйтерек» атты тақырыпта кездесу болып өтті.

Шара барысында Өтепберген атамыздың өмірлік естеліктерімен ұштасқан видеоролик көрсетіліп, жиынға келген оқушылар мен өзінің немерелері тарапынан арнайы өлеңдер оқылып, күй тартылды. Сонымен қатар, қонақтарға ардагердің еңбектері мен марапаттары көрсетіліп, қызықты пікірталас болды.

Кездесуге Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, Түркістан қалалық аналар алқасының төрайымы Ұлжалғас Мұстафаева, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Кеңес Мәрсәлі, Шауғар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Байтілесов, Түркістан қаласының Құрметті азаматтары Баян Адырбекова мен Жақсыбек Бейсенов және кештің иесі Өтепберген Қуанышбаев ардагеріміздің жары мен ұл қыздары, немерелері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

« Өтепберген Қуанышбаев көкеміз өте үлгілі отбасының басшысы. Өте білімді азамат, ол кісінің жасы 85 – те, соған қарамастан біз сияқты артынан еріп келе жатқан бауырларына, жастарына үйретері көп. Ол кісінің тәрбиелік жағынан жасап жатқан жұмыстарына тәнті боламын. Алла тағала ол кісіге ұзақ ғұмыр берсін. Әлі де жастарға өзінің үлгі өнегесін көрсетеді деп сенім білдіремін», – деді Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
