Түркістан облысы адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Қамбаров пен «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова арасында медиация институтының дамуы бойынша бірлесіп жұмыс жасау үшін өзара ыңтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
Келісімге сәйкес алдағы уақытта Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде медиаторлармен қатар адвокаттар да жұртшылыққа кеңес береді деп жоспарланған. Жуырда Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарға тегін кеңес беретін медиаторлар орталығы ашылды.
Бастама Түркістан облысы әкімдігі мен «ЕвроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде жүзеге асуда. Кәсіби заңгерлер «Ашық әкімдік» кеңсесінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00 мен 18.00 аралығында тұрғындарды қабылдайтын болады.
