ТҮРКІСТАНДА «ASHYQ» БАҒДАРЛАМАСЫНАН «САРЫ» СТАТУС АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

751 көрілім

COVID-19 инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған азаматтарда ауру белгілері болмаса үй карантиніне алынбайды. Ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдарда «Ashyq» бағдарламасында «сары» статус белгісі болатын. ҚР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында қабылданған өзгерістер бойынша бағдарламадан «сары» деген статус алынып тасталды. Тұрғындар нысанға кірерде тек қана «көк», «жасыл», «қызыл» мәртебелерімен ғана анықталатын болады. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.

«Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада аурушаңдықтың тіркелуі 87,7%-ға төмендеді. Эпидемиологтар жаңа қаулы бойынша аурумен қатынаста болғандардың симптомдары болған кезде ғана тіркеуге алады. Қаулы күшіне енген кезден бергі уақытта облыста ауру белгілері бар жағдайлар тіркелмеді. Дегенмен, карантиндік режимдер сақталуы тиіс. Бетперде тағып әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауды, көпшілік жиналатын орындарға мүмкіндігінше бармауға кеңес беремін»,- деді Нұрбек Садықбекұлы.

Сондай-ақ, енгізілген жаңа қаулыға сәйкес ел аумағына кіру үшін шекаралық өту бекеттерінде барлық азаматтар ПТР сынама тапсыратын. Енді ревакцинация алған немесе екінші компонентті қабылдағанына 6 ай өтпесе ПТР-тест тапсыру талап етілмейді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Досанованың сөзінше, өңірде жалпы ревакцинацияға 570250 вакцина жеткізілсе, бүгінгі таңда 381 736 адам екпе қабылдаған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы