ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

729 көрілім

Түркістан қаласында «Қалалық саябақ» қолданысқа берілді. Оның жалпы ауданы – 27,8 гектарды құрайды. Мұнда субұрқақтар, веложолдар, демалатын орындар мен сәулеттік нысандар орналасқан. Дендросаябақ типтес саябақ аумағында 12000 түп ағаш егілген. Сонымен қатар, 2360 шаршы метріне гүлдер егілсе, 20476 шаршы метр бөлігіне көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Таза ауамен тыныстап, ой сергітуге қолайлы саябақта аяқжол тақтайшалары мен асфальтты жол төселіп, 710 дана жарықшам орнатылған. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. Алдағы уақытта мұндағы көшеттер өсіп, мәуелі баққа айналады деген жоспар бар. Жалпы Түркістан қаласында 225 гектарды құрайтын 30 саябақ, 34 сквер мен аллея және 129 гектар жасыл алаң бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы