САУРАН АУДАНЫНА 5 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН

1  180 көрілім

Сауран ауданына келуші туристер саны артты . Сауран ауданы құрылғалы бері, ескі қалашыққа 201 692 турист келген. Бұл Әзірет-Сұлтан қорық-музейінен билет алып, ресми түрде тіркеліп келгендер саны. Пандемия жағдайына қарамастан, жалпы Сауран ауданына 2021 жылы 480 657 турист келген.Оның ішінде, Сауран қалашығына келгендер – 201 692 , Үкаша ата кесенесіне келгендер саны – 240 023, Жылаған атаға келгендер саны – 2000, Жүсіп ата кесенесіне – 36 642, ал Имам Мархозы кесенесіне 300 адам келген.Ауданның туризміне кіретін Сауран, Үкаш-ата, Жылаған ата тарихи орындарынан басқа, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарамағына кіретін 52 тарихи-мәдени нысан бар. Сол тарихи мұраларды Сауран ауданының теңгеріміне алу үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тиісті жұмыстар жүргізуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы