ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ – БҮГІННЕН БАСТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

1  206 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінде шаһар басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелердің ішінде 2019-2020 жылдарға жылу маусымына дайындық барысы кеңінен баяндалды. «Қыстың қамын – жаз ойла» демекші, Түркістанда қыс кеш басталып, ерте аяқталатыны белгілі болса да, қала әкімі жылу маусымына уақытында дайын болу қажеттігін баса айтты. Әсіресе, барлық білім мекемелері ерекше әзірлікті талап ететіні сөзсіз. Сондықтан, мектептерді жылу маусымына дайындау – бірінші кезекте орындалуы тиіс. Ал, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жандос Тасов қала көшелерінің бойындағы заңсыз құрылыстар мен қызыл сызықта орналасқан нысандар бойынша атқарылып жатқан істерді кеңінен айтып өтті.

Қала әкімі өз кезегінде аталған жұмыстарды ширатуды тапсырып, істі жандандыруды тиісті мамандарға жүктеді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы