Келес ауданында ауқымды тазалық жасау шарасы өтті. Аудандағы тазалық шарасына шау тартқан қариядан жас балаларға дейін атсалысты.

Өткен сенбіде Келес ауданында жаппай тазалық шарасы өтіп, Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Арнайы мекеме мамандары күл қоқыс тастайтын полигондардың аумағын техника көмегімен ретке келтірсе, ауыл тұрғындары өз көшелеріндегі ағаштардың түбін ақтап, қоқыстардан тазартты.

«Абай ауылының К.Байсейтова көшесінің тұрғындары бірігіп көшемізге сенбілік тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сенбілікке ат салысқандардың басым бөлігі жастар болды. Бұл жастардың болашағына жақсы әсер ететін үлкен пайдалы амал болады деген үміттеміз» – дейді Абай ауылындағы көше биі Базарбай Тұрлыбеков. Жалып тазалық шарасына 700-ге жуық азамат тартылып, Келес қызмет мекемесінің теңгеріміндегі 12 техника жұмылдырылды.
