ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

892 көрілім

Қала әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы болып өтті. Жиын Түркістан қаласының әкімдігінің мәжіліс залында, қала әкімінің орынбасары Талғат Тулегеновтың төрелік етуімен болды. Бірінші кезеекте мәжіліске қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. 2021 жылдың 12 ай ішінде Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінен өткендер саны 397 адам, 2020 жылдың 12 айында 442 адам. Қазіргі таңда 214 адам есепте тұр. Олардың ішінде 2021 жылы ем қабылдағандар –1, психологиялық көмек алғандар-315, құжаттары қалпына келтірілгендер- 9, медицина орталықтарында профилактикалық бақылаудан өткен тұлғалар-433, жұмысқа орналасқандар – 46, қайрымдылық іспен – 45 отбасы қамтылды.
Жиналыс барысында пробациялық бақылаудағы азаматтарды қоғамға бейімдеу, қайта қылмыс жасамаудың алдын алу мақсатында жұмыспен қамту үшін арнайы іс-шаралар жоспарын түзу жоспарланып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқару тапсырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы