- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қаламыздағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінде оқушылар арасында Республикалық пәндік олимпиада басталды.
15 пәннен өтетін білім додасына жалпы саны 970 оқушы қатысуда.
Бүгінгі күнге дейін информатика, биология, физика, математика, пәндерінен өтті. Бүгін химия және география пәндерінен өтуде.
Пәндер олимпиадасының басты мақсаты – оқушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сонымен қатар, оқушының компьютеріне орнатылған бейнекамера оқушының жұмысын, іс-қимылын назарда ұстаса, сынып бөлмелері, қазылар алқасының жұмысы “YouTube” желісі арқылы тікелей эфирде бақыланатын болады.

Олимпиада барысын облыстық «Дарын» орталығының мамандары, Төле би ауданы «Дарын» мектеп-интернатының мұғалімдері, ата-аналар комитетінің және БАҚ өкілдері қадағалауда.
Арайлым Мейрамханқызы.