- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысы, Бəйдібек аудандық С.Әбдіжаппаров атындағы мектеп-интернатында ата-аналармен оқушылар бірігіп, ақиық ақын М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты іс-шара өткізді.
Атаулы іс-шараның мақсаты ата-аналармен байланысты нығайту, өнерлі ата-аналарды мектеппен сахнаға тарту және мектеппен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.
Байқау барысында аталған мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Эльмира Жамашева, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Нағима Қырықбаева, Саз мектебінің мұғалімі Нұржібек Абдикеримова қазылық жасады.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан ата-аналар мектеп директорының “Алғыс хатымен” және сыйлықтармен марапатталды.