ТҮРКІСТАНДА ЖӘРМЕҢКЕДЕ 30,1 ТОННА ТАУАР САТЫЛДЫ

926 көрілім

Қазіргі таңда Түркістан облысына тиесілі тұрақтандыру қорында жалпы құны 954,9 млн теңгенің 10 033,2 тонна тауары бар. Оның ішінде: тұрақтандыру қорында – 3 727,9 тонна, «Айналым схемасы» шеңберінде – 6305,3 тонна. Ал нақты Ескі Иқан елдімекеніндегі қоймада 102 тонна өнім бар, қалғаны жеткізушілердің қоймасында. Бұл жайында бүгін Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева пресс-тур аясында мәлімдеді. Аталған сауда орындары тауарларды нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен бағамен сатуда.

“Түркістан қаласы аумағында 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйінде («Шапағат», «Дастарқан», «Береке», «Дәулет», «Бәйтерек») 18 түрлі азық-түлік тауарлары сатылуда. Мәселен, картоп пен сәбіз – 100 теңге, пияз – 70 теңге, тұз – 42 теңге, күріш – 245 теңге, қант – 315 теңге, ұн – 150 теңге, күнбағыс майы – 700 теңге, қарақұмық – 450 теңге, жұмыртқа – 34 теңге, тауық еті – 870 теңге, қырыққабат – 110 теңге, сүт 2,5% – 265 теңге, айран 2,5% – 270 теңге, сары май – 2 500 теңге, ірімшік – 1 500 теңге, бөлке нан – 70 теңге көлемінде сатылуда», – деді Лаура Сақтағанқыз


Азық-түліктердің аталған бағада сатылып жатқандығына БАҚ өкілдері пресс-тур аясында көз жеткізді. Сонымен қатар, әр жұмада Түркістан қаласындағы Экобазарда азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар нарықтық төмен бағада тұрақты сатылуда. 2022 жылдың басынан бері 10 рет азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 5 млн теңге сомасына 30,1 тонна тауар сатылды. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жүйелі бақылауда және оны негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы