Сауран ауданының мемлекеттік қызметке қадам басқан жас мемлекет қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Рәсімді Сауран ауданы әкімінің аппараты басшысы, Сауран ауданы бойынша мемлекеттік басқару органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Д.Құдияров жүргізіп, жас мамандардың алдағы қызмет жолына сәттілік тіледі.

Жаңадан құрылған ауданның жас мемлекет қызметшілері Қазақстан халқы алдындағы өзінің биік жауапкершілігін сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
