CПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН

1  582 көрілім

Тамыз айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқы үшін спорт күні мерекесі екені белгілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытуды көздеген шара Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде салтанатты түрде аталып өтті. Сала мамандарын қала әкімінің орынбасары Жандос Баирханов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Ғаппар Сәрсенбаевтар құттықтап, қаламызда спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, ардагер спортшыларды марапаттады. Шара барысында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өздерінің ән-күйлерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Р.ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы