БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ

1  216 көрілім

Міне, биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерін біржола тастап шыққандығының 33 жылдығын атап өткелі отырмыз. Он жылға созылған ауған соғысы біздің тарихымыз және оны халық жадынан біржола өшіру мүмкін емес. Өйткені, бұл жарияланбаған соғыс Қазақстан үшін орны толмас қайғы – қасірет әкелді. Оған қатысқан 22 мың отандасымыздың 761-і қаза тапты. 21 азамат хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізімінде. Туған жерге оралғандардың үштен біріне жуығы мүгедек.

Қала бойынша ауған соғысына 250-ге жуық жауынгер аттанған болса, оның 10-ы шейіт болған, 1 адам іс-түзсіз жоғалған болатын. Әскерге шақырылып, азаматтық борышын өтеуге аттанған Ергешов Абдулхакимнің араға 30 жыл салып, 2012 жылы марқұмның мүрдесінің оралуы батыр ұлдың соңында қалған отбасын ғана емес, бүтін елдің қабырғасын қайыстырды.

Арада отыз жылдан аса уақыт өтсе де Ауғанстан соғысының ашылмаған жұмбағы, айтылмаған құпиясы әлі де көп. Сондықтан солақай саясаттың кесірінен бұл соғыстың салған жарасы көптеген жылдар бойы жазылмасы анық. Қаншама боздақ қыршынынан қиылды, қаншама отбасы қара жамылды, қаншама адамның тағдыры күл-талқан болды.

Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлер мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі құрылғалы бері қаладағы барлық дерлік өтіп жатқан саяси, әлеуметтік, рухани, ресми іс-шараларға атсалысып, қаланың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, бастамалар көтеріп, қала әкімдігімен және басқа да құрылым, қоғамдық ұйымдармен бірлескен түрде өз үлестерін қосып келеді. Оларды қала халқы қадірлеп, құрметтейді. Кеңестік солақай саясаттың құрбандары болғандарды аза тұтып еске алады.

Бүгінде ауған соғысы ардагерлерін қаламызда құрмет тұта отырып, орта арнаулы оқу орындары мен білім бөліміне қарасты мектептердегі өткізілетін кездесулерге шақырып отырады. Ертеңгі өскелең ұрпақ ондай қасіретті көрсетпесін дейміз. Жастарымыздың бойына еліміздің жерін, отанын сүйюге жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға күш салуымыз қажет деп ойлаймын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы