Сарыағаш ауданында қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында орталық көшелерінің 9 нүктесіне бейнебақылау камералары орнатылды.

Атап айтқанда орналастырылған бейнекамералар, Исмайылов көшесі мен Шымкентбайұлы көшесінің қиылысына, Исмайылов көшесі мен Бұқарбай ата көшесінің қиылысы, Ы.Көшербай көшесі мен Нысанұлы көшесінің қиылысы, Әйтеке би көшесі мен Қазыбек би көшесінің қиылысы, Майлықожа көшесінің бойындағы Дарын интернатының алды, Майлықожа көшесі Көк базардың алды, Шымкент-Шыназ трассасы мен Ж.Сулейменов көшесінің қиылысына, Исмайылов көшесі мен Б.Ермеков көшесінің қиылысы және Майлықожа көшесі мен Дүйсебайұлы көшесінің қиылысына жол көлік қозғалыстарын бақылау мақсатында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізіліп, аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына қосылды.
