СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ

1  440 көрілім

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков зиялы қауым өкілдерімен «Ынтымақ түбі – игілік» деп аталатын кездесуде бас қосты. Аудан әкімі тағылымды басқосудың мақсаты зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірін тыңдап, ашық жарқын әңгімелесу екеніне тоқталды.

– Қашанда халық ортасынан табылатын сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды. Сіздермен кеңесе отырып, елдің бірлігін нығайту, ауданды дамыту бағытында жұмыс істеуге дайынбыз. Туған жерді түлету жолында айтылған ұсыныстарыңызды қолдаймыз. Әрдайым ашық диалог құруға әзірміз, – деді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.

Кездесуде Қ.Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестіктің төрағасы, ақын, жазушы Мыңжасар Асқаров Созақтық ақын-жазушылардың шығармаларын кітап етіп шығарып беруге жәрдем сұрады. Кітапхана мәселесін де қозғады. Сонымен қатар, аудандық «Созақ үні» газетінің тілшісі Данияр Беков газеттің сапасына қатысты мәселе көтеріп, жастар тәрбиесі туралы ой қозғаса, жазушы Тұрысбек Шылманбетов «Созақ көтерілісіне қатысушылардың тізімі жасалса, бір көшеге көтерілістің бас сардары Салықбай мергеннің аты берілсе» деген ойларын жеткізді.

Өзге де қаламгерлер мен ел ағалары өз пікірлерін білдіріп, көптеген мәселелерді көтерді. Кездесуді қортындылаған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барлық ұсыныс назарға алынатынын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы