Сіздерді қыркүйек айының 5-8 жұлдызы аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында алғаш рет жасөспірімдер мен жастар арасында ұлттық спорт түрі жекпе-жектен Қазақстан Республикасының кубогына шақырамыз. Айтулы додаға Қазақстанның барлық облысы мен қалаларынан сайыпқырандар қатысады.
Жекпе-жектер «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде сағат 09.00-20.00 аралығында өтеді. Келіңіздер, жерлестерімізге жанкүйер болыңыздар!