Шаhарда вирустың таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімдігі өкілдерінен құралған 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандар мен халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарының сақталуын қадағалауда.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларының тиісті деңгейде атқарылу қажеттілігі қала кәсіпкерлеріне түсіндірілуде. Мобильді топтардың кезекті мониторингтік жұмысы барысында соңғы үш күнде 622 нысанды аралап, ахуалға байланысты карантин талаптары түсіндірілді.
