АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

1  146 көрілім

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Қожаниязовтың төрағалығымен бейне байланыс режимінде жиын өтті. Өңірімізге іс-сапармен келген вице-министр Жетісай ауданынан ағын су мәселесі өзекті болып тұрған аудан әкімдерімен бейне байланысқа шығып, әр аймақтағы ағын суға қатысты түйіткілді мәселелерді талқылады.

Жиында Түлкібас ауданының әкімі Н. Байғұт өткен жылы аудан тұрғындары тарапынан көптеп көтерілген ағын су тапшылығына қатыста мәселелерді жеткізді.

Аудан басшысы 2019 жылдан бастап аудан аумағындағы 13 су нысаның темір-бетонмен қаптау жұмыстарын іске асырып жатқан мердігер «ВИК» ЖШС-нің салғыртығынан шару қожалықтары зардап шегіп жатқаның айтып, осы бағытта жұмысты жылдамдатуға ықпал жасауын сұранды. Сонымен қатар, аталған мердігер құрылыс жұмыстарын шаруа қожалықтарының ыңғайына қарай жүргіссе деген ұсыныс жеткізді. Яғни, көктем мезгілінде егін егіп, суғаратын маусымда арналардан су жүруіне кедергі келмейтіндей жағын ескеруді сұранды. Өткен жылы осы мәселе көптеген шаруаларға қол байлау болып, өнімдерінің өте аз болуына септігін тигізгендігін атап өтті.Сондай-ақ, аудан басшысы биылғы жылы жауын-шашынның өте аз түсуі алаңдатып отырғандығын жеткізді.

Вице-министр аудан әкімінің өтінішіне қолдау болатындығын айтып, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілетіндігін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы