МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АУЫЛ СПОРТЫН ДАМЫТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗУДЕ

1  234 көрілім

Түлкібас аудан әкімі жұмыс сапарымен аудан орталығындағы «Байқадам» спорт нысанында болып, жұмысымен танысты. Өткен жылы 30 млн. теңге қаржыға бой көтерген футбол манежінде бүгінгі таңда төрт ауылдық округтен (Майлыкент, Рысқұлов, Тастұмсық, Жаскешу) 150 бала футбол үйірмесіне қатысуда.

Бүгінгі таңда кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы спорт кешенің соғуға жұмсаған қаржысын толық қайтарып алуға мүмкіндік алып отыр. Яғни, үйірмеге қатысушы әр балаға мемлекеттен «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру» бағдарламасы шеңберінде мың теңгеге жуық ақша төленуде. Нысан 240 балаға есептелген.

Бұл жерде үйірмеге қатысушы жастарға душ, жылу жүйісі және тасымалдау автокөлігі қарастырылған. Бұдан бөлек кәсіпкер кешкі 19:00-ден кейін ауыл тұрғындарына ақылы қызмет көрсетеді (Манеждің арендалық құны қыста 10 мың теңге, жазда 5 мың теңге). Кешен тұрақты жұмыспен 10 адамды қамтып отыр. Аудан басшысы нысанның жұмысымен танысып болған соң тиісті бөлім басшыларына аталған бағдарламаның тиімділігін кәсіпкерлерге түсіндіріп, кәсіпкерлерді тарта отырып әр ауылдық округтен осындай нысанның бой көтеруіне жұмыс жасауды тапсырды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қыметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы