МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ ЖЫЛЫНА 3 МИЛЛИОН ДАНА КӨШЕТ ӨНДІРЕДІ

1  347 көрілім

Мақтаарал ауданында “Сартаев” шаруа қожалығына тиесілі жылыжай жылына 3 миллион көшет өндіреді. БАҚ өкілдері ауданға қарасты А.Қалыбеков ауылдық округіне жасаған пресс-тур барысында аталған жылыжайдың жұмысымен толық танысты. Қосымша еңбек күшін қажет ететін бұл салада мауысымына қарай қырыққабат, қауын, қарбыз көшеттерін дайындап, тапсырысқа сай өндіреді. Жылыжайда қырыққабат өндіру жұмыстары желтоқсан айында басталады. Жылыжайдың бас агрономы Сейітбек Жұмановтың айтуынша, қырыққабаттың сортына қарай диқандар тұқымдарын өздері жеткізіп, оны өндіріп беруге тапсырыс береді екен. Егілген тұқым өніп шыққанша қыруар жұмыстар атқарылады. Алайда, көшеттің бағасы да еткен еңбекті ақтайды дейді агроном.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында жалпы жылыжайлардың көлемі 53 гектарға жеткен. Көшет өндіруден бөлек, шаруалар қызанақ, қияр, лимон сияқты т.б. түрлі дақылдарды өсіріп, қыс мезгілінде жақсы табыс табады.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы