АУДАН ӘКІМІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ҚАРҚЫНДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

1  460 көрілім

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Мархабатұлының төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Биыл аудан аумағында ауыл шаруашылығы бағытында мемлекеттік қолдаулар арқылы 5 жоба іске асады деп күтілуде. Олар:

– Жаскешу ауылынан 2 жүз бас сауынды сиырға арналған сүт комплексі;

– Майтөбе ауылынан «Мөлдір» ЖШС-нің 3 мың тоннаға лайықталаған жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысы;

– Жабағылы ауылына қарасты «Алмалы сай» өндірістік кооперативінің 150 басқа шақталған мал бордақылау алаңы мен 80 гектар қарқынды алма бауы;

– Амангелді ауылынан «Оңтүстік балық» ЖШС-нің фарель балық шаруашылығы;

– Даубаба ауылынан «Қайнар» шаруа қожалығының мың басқа шақталған мал бордақылау алаңының құрылысы іске аспақ. Бұл жайында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы Ж.Керімқұлов өз баяндамасында мәлімдеді. Сонымен қатар, аппараттық жиында кәсіпкерлік саласын дамыту, аудан аумағындағы коронавирус инфекциясымен күрес және қоғамдық-саяси ахуалға қатысты мәселелер қаралды. Дәстүрге сай жауапты баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі тиісті бөлім басшысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуді, аудан аумағында жүзеге асатын жобаларға Заң аясында барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Жобалардың іске асуы ауданда жаңа жұмыс көздерінің ашылуына зор септігін тигізетіндігін атап өтті. Жұмыссыз жүрген аудан жастарын жұмысқа орналастыру, мемлекеттік гранттарға қатыстыру, қоғамдық жұмыстарға тарту сынды мәселерге кеңінен тоқтап, бұл бағытта салаға жауапты бөлім басшысына нақты атқарылатын жұмыс жоспарын түзуді жүктеді.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен күрес күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі екенін айтып, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларына өздері мен мамандарының дерттің алдын алу мақсатында ревокцинациялануы керектігін ескертті. Ауыл әкімдеріне ауа-райы қолайлығын пайдаланып, бекітілген аумақтарына тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы