ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БАС ПОЛИЦЕЙІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

1  580 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Селтановтың 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынды Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Күзембаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала прокуроры Жаннұр Ахметбек, қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадұллаев, қалалық түрік мәдени орталығының төрағасы Усейн Медедов, өзбек этно мәдени орталығының өкілі Толқын Сайдмұратов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мақсат Даниярбек және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Сапарұлының мәлімдеуінше жалпы, 2021 жылдың 12 айында орын алған құқық бұзушылықтардың деңгейі біршама төмендегені байқалады. Яғни, 2020 жылдың 12 айында қала көлемінде 909 құқық бұзушылық тіркелсе, былтырғы жылдың 12 айында 864 құқық бұзушылық тіркеліп, 5,0 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, қылмыстық әрекеттер бойынша 833-тен 792-ге дейін кеміп, 4,9 пайызды құрап отырғанын атап өтті. Баяндамашының есебінен соң жиналысқа қатысушылар тарапынан және онлайн қатысып отырған азаматтардан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауап берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы