МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА МҰНАЙДЫҢ ЖАҢА КЕН ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

1  933 көрілім


Қазіргі таңда жаңа қорды ескере отырып, кен орнын игеру жобасына түзету енгізіліп жатыр.

Маңғыстау облысында Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай кен орны табылды. Нәтижесінде өндірілетін мұнай қорының өсімі 39,9 миллион тоннаны құрады.

Көмірсутек қорының өсімі “ҚазМұнайГаз” компаниясының экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді, деп хабарлайды “ҚазМұнайГаз” компаниясының ресми сайты.

2017 жылы геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашы болған. Осы бағдарлама аясында 2017-2021 жылдары жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді, барлық ұңғыма қорына (7500-ден астам) қайта талдау жасалып, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгі қайта құрастырылды.

“Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай кен орны табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ке ұлғайды, бұл өндірілетін қордың 39,9 миллион тоннасын құрайды”, – делінген хабарламада.

2021 жылдың соңында көмірсутектің нақтыланған көлемі Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясының балансына алынды.

Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оны өндіруді жоспарлау мақсатында кен орнын игеру жобасына түзету енгізілуде, деп атап өтті компания.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы