Бүгін Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ермек Нұралиев жылдық есебін берді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, қала әкімі Е.Бекет, сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, полиция бөлімінің жеке құрамы мен жедел кеңес мүшелері, ауыл билері және тұрғындар қатысты. Есепте полиция бөлімі бастығы өткен жылмен салыстырмалы түрде есепті мерзімдеге баяндамасын оқыды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапынан айтылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарды қабылдады.

Сонымен қатар Б.Шомпиев полиция бөлімінің жалпы атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді атап көресетті. 2021 жылы аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстарында 2020 жылмен салыстырғанда оң нәтижелер байқалады. “Шардара ауданы бойынша 2020 жылдың 12 айында жалпы 195 қылмыс тіркелсе, 2021 жылдың еспетік мерзімінде 159 қылмыс тіркеліп, -13,3% пайызға, яғни 36 қылмысқа кеміп отыр. Оның ішінде: ауыр қылмыстар 83-тен 64-ке, -22,9 пайызға, орташа дәрежелі қылмыстар 75-тен 55-ке, -26,7 пайызға, ауыр дене жарақатын салу 5-тен 1-ге, 80,0 пайызға, бұзақылық 3-тен 2-ге, -50,0 пайызға, зорлау қылмысы 1-ден 0-ге, -100,0 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 48-ден 46-ға, -47,7 пайызға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 59-да 38-ге, 45,8 пайызға, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 12-ден 7-ге, -41,7 пайызға, топпен жасалған қылмыстар 47-ден 22-ге, -53,23 пайызға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 37-ден 25-ке -32,4 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар 26-дан 11-ге -57,7 пайызға, қарумен жасалған қылмыстар 3-ден 1-ге, -66,7 пайызға азайған. Сондай-ақ, 2021 жылдың 12 айында орын алған 51 ауыр және аса ауыр қылмыстарының 50-іс өндірістен аяқталып сотқа жолданған. Сонымен қатар, барлығы 6953 әкімшілік құқықбұзушылыққа қаулы шығарылып, барлығына тиісті айыппұл салынып, оның өндіруі 67,9 пайызды құрап отыр. Бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30-желтоқсандағы № 1142 санды қаулысымен бекітілген «Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы» Ережесін басшылыққа ала отырып, атқаруда.Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар былтырғы жылмен салыстырғанда 37-ден 25-ке, -32,4 пайызға кеміген, үлес салмағы 14,8% пайыз. Ал көшелерде орын алған қылмыстар 26-дан 11-ге, -57,7 пайызға кеміп, үлес салмағы 6,5% пайызды құрап отыр.
Шардара ауданы бойынша, орын алған жол көлік оқиғалары салдарынан зардап шекендермен қаза болғандар саны алаңдататын жағдайда болып отыр. яғни, 2020 жылдың 12 айында 25 жол көлік оқиғасы тіркелсе, 2021 жылдың есептік мерзімінде 36 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жол-көлік оқиғасы +44,0 пайызға өскен. Осы орайда, бөлімнің ППТ-ның қызметкерлерімен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, яғни жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін жалпы 6033 әкімшілік құқық бұзушылық, ал 2020 жылдың 12 айында 3086 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Әкімшілік құқық бұзушылық анықтау үш есеге жоғарылаған. Учаскелік полиция инспекторларымен 2021 жылдың 12 айында профилактикалық есепке 122 азамат алынған. /2020 жылы 100 азамат/. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін 25 азамат әкімшілік қамауға алынған, еріксіз емдеу мекемесіне – 1 тұлға жеткізілсе, ал қабылдап тарату орындарына 15 тұлға қамауға алынған. Былтырғы есепті кезеңде учаскелік полиция инспекторларының жеке іздестіруімен 2021 жылдың 12 айында 50 қылмыс ашылған. Бөлімнің ювениалды полиция тобының қызметі, бөлімнің осы салаға жауапты қызметкерлерімен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2021 жылдың есептік мерзімінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 12-ден 7-ге, -41,7% пайызға төмендеген. Бөлімнің табиғат қорғау тобымен 2021 жылдың 12 айымен 12 қылмыс анықталып, сотқа жолданған. /2020ж-4/. Сонымен қатар табиғатты қорғау бағыты бойынша барлығы 290 әкімшілік құқық бұзышылық анықталған. /2020ж-246/. Бөлімнің әкімшік полиция бөлімшесімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, аудан бойынша облыстық маңызы бар жолдар -166,2 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 48,73 шақырым. Аудан бойынша тіркелген көліктер саны – 11 931. Оның ішінде : Жеңіл көлік -10 363. Жүк көлігі – 1239. Автобус -295, мото – 34. Осы жол көлік оқиғаларының орын алу себептерінің бірі жылдамдықты асыру мен ауданымызда көлік санының артуы сондай-ақ жазғы уақытта, Шардара су қоймасына демалушы азаматтардың көптеп келуімен олармен жол ережелерінің сақтамауымен байланыстыруға болатынын айта кетуге болады. Осы бағытта бөлімнің Жол және техникалық аға инспекторымен 2021 жылдың 12-айында, Шардара ауданының аумағындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен автоапаттылық жағдайын тұрақтандырып, азайтуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды”- деді Е.Нұралиев.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі