- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласы дәл қазір қайнаған құрылыс алаңына айналды. Оны жұрт жақсы біледі. Соның ішінде шаһарды жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Иә, бұған дейін де осы бағытта бірнеше жобалар іске асқан. Десе де бұл жолғы Түркістанның жолы да, жөні де бөлек.
Осыған орай, Түркістан қаласының әкімдігі қаланың қай саласында болмасын жұмыс жүйесін бақылап, оңды істерге жол ашуға қадам жасап келеді. Жарықтандыру жұмыстарына байланысты бірер мәліметке және бейнежазбаға назар салыңыз.
- Қаладағы 52 көше жарықтандыру жүйесімен жабдықталған
- 1211 бағананың жарық жүйесі диодты жарық шамдарына ауыстырылады
- Автомобиль жолдарындағы 1027 бағананы жарықтандыру жоспарлануда
- Орталық көшелерден демонтаждалған бағаналар ішкі көшелерге орнатылуда
- Мердігер мекемелер демонтаждалған бағаналарды түзету, сырлау жұмыстарын жүргізуде
Түркістан қаласының әкімдігі: Біздің мақсат – сіздің жайлылығыңыз!