АУДАН ӘКІМНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ПЕРДЕХАН ЖАППАРҚҰЛОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕ

1  602 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүгін аудан әкімдігінің жанындағы Халықтық кеңседе аудан әкімнің міндетін атқарушы Пердехан Жаппарқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындарды қабылдау барысында әлеуметтік жағдайлары бойынша көмек, жұмыс сұрап келген бірнеше тұрғынға жұмыспен қамту орталығына тіркелу қажеттігін, мамандығына сәйкес сұраныс болған жағдайда жұмысқа жіберілетіндігін айтып түсіндірді. Сонымен қатар, бір тұрғынның сұранысына сәйкес, әлеуметтік жәрдем беру комиссиясына құжаттары ұсынылатындығын жеткізді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы П.Жаппарқұлов қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін тыңдай келе, бағыттар бойынша сала басшыларына азаматтардың ұсыныс-тілектерін ескерусіз қалдырмай, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы