Бүгін Түркістан қаласының мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы және Nur Otan партиясының мүшесі, мәслихат депутаты Сүлеймен Тұрсымбайұлы, қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшыларымен бірлесіп қаламыздағы Сауран мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қалада орын алып жатқан мәселелер төңірегінде сөз қозғалды. Атап айтқанда асфальт жол төсеу, жалғыз аяқ жол жүргізу, жарықтандыру және сарқынды су құбырларының жұмыстарын жүргізу сияқты бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар жастар арасында белең алған жұмыссыздық сияқты мәселелер сөз болды. Нәтижесінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде алдағы уақыттарда тиісті мекемелерге хат жолданып, әкімдікпен бірлесе отырып жұмыс атқарылатын болды.Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ екендігін түсінетін уақыт жетті. Осылай халықпен етене араласып, олардың мұң – мұқтажына көңіл бөліп жұмыс жүргізгенде ғана, ол іс өз нәтижесін беретініне сеніміміз мол.
