БАҒДАРШАМДАРДЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ДЕ БАСҚАРА АЛАДЫ

1  470 көрілім

Түркістан қаласында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бағдаршамдар көбейе түспек. Осы күнге дейін облыс орталығында 27 бағдаршам жұмыс жасаса, енді оның саны 37-ге артпақ. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ескі типтегі бағдаршамдардың орнына жаңалары қойыла бастаған. Қазіргі таңда 5 жаңа бағдаршам орнатылып, ескі типтегі 15-і заман талабына сай, заманауи үлгідегі бағыт реттеуші құрылғыға ауыстырылған.  Соның бірі С.Қожанов көшесінің бойында Есімхан алаңының жанындағы жаяу жүргіншілер жолағына жайғастырылды. Бағдаршамның бір ерекшелігі адам алақанымен басқарылады. Мәселен, жолдан өтпек болсаңыз бағдаршамдағы батырмаға алақанды тигізіп, жасыл түстің жанғанын күтесіз. Бұл жаяу жүргіншілермен қатар көлік тізгіндеушілерге де тиімді болмақ. Жолдан қарсы бетке өтер адам болмаса тоқтап әуре болмайды. 70 пайызы жаңарған бағдаршамдар алдағы уақытта елдің кәдесіне жарап, жайлылық сыйламақ.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы